2023 жылдың 1 ақпаны мен 2 ақпаны аралығында FOR21-ҚазҰМУ командасы Самарқанд мемлекеттік медицина университетінде (Өзбекстан, Самарқанд) өткен Консорциумның 5-ші пленарлық отырысына қатысты




07.02.2023

2023 жылдың 1 ақпаны мен 2 ақпаны аралығында FOR21-ҚазҰМУ командасы Самарқанд мемлекеттік медицина университетінде (Өзбекстан, Самарқанд) өткен Консорциумның 5-ші пленарлық отырысына қатысты. Кездесу Еуропалық Одақтың FOR21 / FOstering the doctoR of the 21st century: education for patient-centered communication (21 ғасыр дәрігерінің дамуына жәрдемдесу: науқасқа бағытталған қарым-қатынас дағдыларын үйрету) халықаралық білім беру жобасының жұмыс жоспарына сәйкес өтті. Гранттық өтініштің номері №619037-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP).

Кездесу бағдарламасы аясында FOR21 жобасының серіктес университеттерінің жоба командасының барлық мүшелерінің қатысуымен фасилитатор Dr.Anastassia Rodina-Theocharaki (Aristotle University Of Thessaloniki, Greece) аралық есептің критерийлері бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін талқылауды өткізді, жобаның орындалу барысына шолу және FOR21 жобасын одан әрі іске асыру бойынша міндеттерді ұйымдастыру мен белгілеу мәселелері талқыланды.

Әрбір серіктес университет командалары әзірлеген VP/SP кейстерін ұсынды, содан кейін талқылау және кейстерді түпкілікті түзету үшін жол картасын құру қарастырылды.

Dr. Ella Poulton (Университет Лидса, Ұлыбритания) VP кейс сценарийлері бойынша тренинг өткізді және студенттердің оқу үдерісіне қатысуы мен ынтасын арттыру үшін «Flipped Classroom» технологиясын қолдану тәжірибесімен таныстырды. Талқылау барысында барлық университеттер VP-кейстерді жеңілдету және «Flipped classroom» технологиясын ұйымдастыру бойынша қысқаша презентациялар ұсынды.

Кездесу барысында PCCSP (Patient-Centred Communication Skills Programme) бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету, бақылау және бағалау мәселелерін және  студенттерге, соның ішінде VP/SP кейстері  үшін бағалау құралдары және қорытынды бағалау нысандарын (OSKE) құрастыруды  талқылауға басты назар аударылды.

FOR21-ҚазҰМУ командасы Консорциумның 5-ші пленарлық отырысына жылы қарсы алғаны, жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Самарқанд мемлекеттік медицина университетінің ұжымына шын жүректен алғыс білдіреді.