Мансап және жұмыспен қамту орталығы

Мансап және жұмыспен қамту орталығы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ миссиясын қолдайды, алға жылжытады, түлектердің тиімді жұмысқа орналасуына және олардың еңбек нарығы талаптарына бейімделуіне ықпал етеді.

Орталықтың қызметі:
  • Университет студенттері мен түлектеріне қолдау көрсету мақсатында жоспарланған іс-шаралар арқылы жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес беру.
  • Университет түлектері мен жұмыс берушілер арасында жұмысқа қабылдау және желілік іс-шаралар арқылы байланыс орнату.
  • Түлектердің өзін-өзі таныстыру дағдыларына үйрету (түйіндеме жазу ережелері, сұхбаттасу кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері)
  • Студенттердің жеке дағдыларын көрсетуге, әлеуеті және кәсіби ұмтылыстарын жүзеге асыруға ықпал ету.

Біз қалай көмектесе аламыз?

Breathtaking design for home living.

Жалғастыру үшін қажетті санатты таңдаңыз

УНИВЕРСИТЕТ МАҚТАНЫШЫ 2025 ❮


TULEK — «Түлектерге арналған бос орындар» ❮


«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 6-тармағының 5-тармақшасына сәйкес, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар мемлекеттік қызметке конкурс өткізілмей қабылдануы мүмкін.

Олар келесі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға тағайындала алады:

  • ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болатын облыстық маңызы бар қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына
  • ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болатын облыстық маңызы бар қаладан басқа) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшы емес лауазымына
  • аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымына
  • орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының аудандағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болатын облыстық маңызы бар қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшы емес лауазымына

Басты талап – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 115 бұйрығымен белгіленген GPA 3,33-ден кем емес деңгейдегі жоғары академиялық үлгерім.

Сіз тиісті бос жұмыс орындары туралы толық ақпаратпен eQyzmet порталының «Түлектерге арналған бос орындар» бөлімінде таныса аласыз.

Галерея