Түлектер моделі

Негізгі бет » Білім беру бағдарламалары » Бакалавриат » Қоғамдық денсаулық » Түлектер моделі

 

Түлектер моделі Бағдарлама паспорты Міндетті пәндер Таңдамалы пәндер Проф. тәжірибелер Интернатура

 

Оқыту нәтижелері:

ON1 – Қоғамдық денсаулықтағы қазіргі заманғы проблемаларды анықтау және шешу үшін кәсіби қызметте жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық), медициналық-биологиялық ғылымдар білімдерін пайдалану

ON2 – Қоғамдық денсаулықтағы гигиеналық, эпидемиологиялық, экологиялық міндеттерді бағалау мәселелерінде заманауи ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану және халықтың денсаулық көрсеткіштеріне талдау және бағалау жүргізу

ON3 – Дәлелді медицина және биоэтика принциптері негізінде ғылыми әдістерді пайдалана отырып, зерттеулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу.

ON4 – Халықтың денсаулық жағдайы мен адамның тіршілік ету ортасы факторларының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, олардың алдын алу мақсатында инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың пайда болу, таралу жағдайларын белгілеу

ON5 – Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында қоршаған ортаның, ауыз судың, өнеркәсіптік объектілердің, балалар мекемелерінің, тамақ өнімдерінің жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды әзірлеу, ұйымдастыру және жүргізу, шекараларды аса қауіпті инфекциялардың әкелінуінен және таралуынан қорғау дағдыларын қолдану.

ON6 – Медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінде коммуникативтік құралдарды пайдалана отырып, басқару шешімдерін қабылдау жөніндегі саяси және экономикалық үрдістерді ескере отырып, Нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істеу дағдыларын қолдану

ON7 – Жеке және халық деңгейінде салауатты өмір салтын насихаттау, халықтың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша профилактикалық бағдарламалар мен жобаларды енгізу.