Таңдамалы пәндер

Негізгі бет » Білім беру бағдарламалары » Бакалавриат » ББ ҮИМБ «Педиатрия» » Таңдамалы пәндер

 

Түлектер моделі Бағдарлама паспорты Міндетті пәндер Таңдамалы пәндер Проф. тәжірибелер Интернатура

Элективті пәндер (НП/ТК)

Модуль – Ғылыми зерттеулерге кіріспе

Кредиттер саны – 7
Бақылау түрі – д/з
Модуль аяқталғаннан кейін білім алушы ғылыми зерттеулерді: популяциялық, экологиялық, клиникалық, талдамалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу үшін дәлелді медицина, академиялық жазу, биостатистика және биоэтика принциптері мен әдістерін біліп, практикада қолданатын болады; нәтижеге жауапкершілікті көрсету, ғылыми-зерттеу жұмысын этикалық және құқықтық қамтамасыз етуді ескеру.

Элективті пәндер (ПД/ТК)

Ішкі аурулар тәжірибесіндегі сұхбат және физикалық зерттеу әдістері

Кредиттер саны-10
Бақылау түрі-д / з
Элективті пән студентті ішкі ағзаларында жиі кездесетін аурулары бар балалар мен ересектерді тексерудің әдістеріне толық үйретуге, алдын ала диагнозды негіздей отырып және ауру тарихын жаза отырып, алынған физикалық деректерді дұрыс түсіндіруге; Калгари Кембридж моделі бойынша физикалық тексеру жүргізуге және негізгі коммуникативтік дағдыларды қолдануға: ақпарат жинау, түсініктеме беру, кері байланыс, ақпараттандыру және жоспарлау.

Хирургиялық қол жетімділік және хирургиядағы түйіндер

Кредиттер саны-10
Бақылау түрі-д / з
Ота кезінде қолданатын түрлі жолдар мен техникалар бойынша білім алушылардың білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру; операция кезінде қауіптілік пен асқынуларды зерделеу, олардың алдын алу әдістерін әзірлеу; әртүрлі түйіндерді байлау техникасының базалық ережелерін білу, құралдардың көмегімен және эндоскопиялық операциялар кезінде түйіндерді қалыптастыру дағдыларын меңгеру.

Балалар мен жасөспірімдердің генетикасын зерттеудің заманауи әдістерінің негіздері

Кредиттер саны-10
Бақылау түрі-д / з
Элективті пән болашақ педиатрға тұқым қуалайтын ауруларды анықтауға, емдеуге және алдын алуға жеке тәсілді әзірлеу үшін қажет балалар мен жасөспірімдердің генетикасын зерттеудің заманауи әдістерін қолдану мәселелерінде білім мен дағдыларды арттыруға арналған.

Вакциналар және иммунопрофилактика

Кредиттер саны-10
Бақылау түрі-д / з
Элективті пән заманауи вакцинология мәселелерінде білімін арттыруға және инфекциялық процестің иммунопрофилактиканың негіздерін меңгеруге арналған; егу жұмыстарын, иммундауды және Ұлттық күнтізбедегі профилактикалық екпелердің жүргізілуінің қауіпсіздігін ұйымдастыру; халықтың әртүрлі контингенттерін вакцинациялауды ұйымдастыру мен жүргізудің этикалық мәселелерін ескере отырып, иммундау мәселелері бойынша халықпен тиімді өзара жұмыс жасау үшін ғылыми негізделген факт-чекинг дағдысын оқытуды қамтиды.

Эпидемиологиялық аспектілер және медициналық көмекке байланысты инфекциялардың алдын алу жүйесі

Кредиттер саны-10
Бақылау түрі-д / з
Эпидемиологиялық аспектілер және инфекциялардың алдын алу бойынша негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалана отырып, пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыруға және амбулаториялық және стационарлық деңгейде медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға бағытталған стандартты сақтық шараларын атқара отырып, медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алу және эпидемиологиялық бақылау бойынша білім алушылардың білімі мен іскерлігін қалыптастыру.

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен физикалық дамуын бағалау және оларды анықтау әдістері

Кредиттер саны-10
Бақылау түрі-д / з
Пән денсаулық жағдайын, балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуын, өсу мен даму процестерін сипаттайтын жетекші критерийлерді зерттеуді қамтиды. Эндогендік және қоршаған ортаның экзогендік факторларын зерттеу,гигиеналық зерттеулер, ұйымдастырылған балалар ұжымдарындағы сауықтыру шаралары, жеделдету процестері және қатаю принциптері.

Балалар хирургиясындағы денсаулықтың әлеуметтік детерминанттары

Кредиттер саны-10
Бақылау түрі-д / з
Пәнді оқығаннан кейін білім алушыда дәлелді медицина қағидаттарына және емдеу-диагностикалық технологиялардың қазіргі ғылыми жетістіктеріне сәйкес ерте диагностика, дифференциалды диагностика, балалар жасындағы ең көп таралған хирургиялық аурулар кезінде емдеу-диагностикалық және профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін қажетті құзыреттер қалыптастырылады, коммуникативтік дағдылар

Шала туылған нәрестелерге күтім жасаудың заманауи технологиялары

Кредиттер саны-10
Бақылау түрі-д / з
Пәнді оқығаннан кейін білім алушыда шала туылған нәрестенің жағдайын бағалау, жетілу дәрежесін анықтау, неонаталдық күтім бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, пациентпен және оның ата-анасымен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті құзыреттер қалыптастырылады

Педиатр практикасындағы патронаттық қызметтің әмбебап прогрессивті моделінің құралдары

Кредиттер саны-10
Бақылау түрі-д / з
Электив жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелер мен жас балалардың отбасыларына патронаждық қызмет көрсету жүйесінің өзекті мәселелеріне арналған. Пән аяқталғаннан кейін білім алушы пациентпен және оның өкілдерімен тиісті білімді, практикалық дағдыларды және коммуникативтік өзара іс-қимылды, перинатологиядағы командалық жұмыс дағдыларын көрсететін болады.

Балалардағы құрсақішілік вирустық инфекциялар, диагностика, емдеу және алдын алу әдістері

Кредиттер саны-10
Бақылау түрі-д / з
Пәнді оқығаннан кейін білім алушыда осы аурулардан өлім-жітім мен мүгедектікті азайту мақсатында ең көп таралған құрсақішілік вирустық инфекцияларды диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылар, командада жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.