Халықаралық қауымдастықтар

AMEE 2019 – Еуропадағы медициналық білім беру қауымдастығы (AMEE) – бес құрлықтың 90 елінде мүшелері бар дүниежүзілік ұйым. Мүшелер құрамына мұғалімдер, оқытушылар, зерттеушілер, әкімшілер, оқу жоспарын жасаушылар, декандар, бағалаушылар, медицина және денсаулық сақтау мамандықтары бойынша студенттер мен тағылымдамадан өтушілер кіреді.

Сібір ашық университеті» қауымдастығы
Қауымдастық – Сібірдегі университеттердің алғашқы консорциумы, ол аймақтағы университеттер мен ғылыми мекемелердің интеллектуалдық ресурстарын біріктіретін заманауи телекоммуникациялар мен қашықтықтан оқыту технологияларына негізделген біртұтас ғылыми және білім беру кеңістігін құруды мақсат етеді.

UNAI. БҰҰ – ның «Академиялық ықпал» бағдарламасы (UNAI). Бұл-БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның жаһандық бастамасы, ол әлемнің барлық университеттерін білім беру және ғылыми зерттеулер арқылы ұйымның мақсаттары мен мандатын іске асыруда БҰҰ-мен белсенді ынтымақтасуға шақырады, зияткерлік мәдениетті, академиялық орта арқылы әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырады.