Халықаралық гранттық бағдарламалар

Эразмус + академиялық алмасу бағдарламасы

Эразмус + білім беру, кәсіптік білім беру, жастар саясаты мен спорт жүйесін жаңғыртуға және дамытуға бағытталған Еуропалық Одақтың бағдарламасы. Бағдарлама Еуропа елдері (Бағдарлама деп аталатын елдер) арасындағы және әлемдегі серіктес елдер арасындағы ынтымақтастықтың қаржылық мүмкіндіктерін ұсынады. Эразмус + бағдарламасына бакалаврлар, магистранттар, докторанттар қатыса алады. Бұл бағдарлама студенттерге Еуропадағы серіктес университеттердің бірінде тегін оқуға мүмкіндік береді.