Тәрбие жұмысы

2021-2022 оқу жылындағы өткізілген іс-шаралар:

  • Тақырыбы: «Мәдениет пен медицинаның ұлы тұлғалары»

24.11.2021 күні Доцент Ж.Ж. Ажибекова., лектор Г.С. Рахымбаева  ФӨТ21-009-1к тобының студенттерімен «Мәдениет пен медицинаның ұлы тұлғалары» атты тақырыпта тәлімгерлік сағат өткізді.

  • Тақырыбы: «Жасыл ел»

29.03.2022 күні сағат 12:30 да 409 аудиторияда Қазақстандық патриотизімнің қалыптасуын тәрбиелеу мақсатында ЖМ21-004-1,2қ.  топ студенттерімен профессор-оқытушылық құрамы арасында «Жасыл ел» тақырыбы бойынша іс-шара өкізілді. Студенттер өздерінің белсенділімен әртүрлі ойындар ұйымдастырды.

  • Тақырыбы: «Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойы»

16.02.2022 жылы «Жалпы медицина» факультетінің  ЖМ-21-028-1қ. тобының студенттер арасында «Тарих, мәдениет, дәстүрлерді білу және құрметтеуді қалыптастыру мақсатында «Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойы» тәлімгерік тәрбие сағаты ZOOM платформасында онлайн түрінде өткізілді.

  • Тақырыбы: Кәсіби бағыт-бағдар беру.

21.04.2022 жылы Алматы қаласы №142 Жалпы білім беретін мектептің 11б-сынып оқушыларымен бірге кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатынада арнайы кездесу ұйымдастырылды. Оқушыларға дұрыс жөн сілтеу ұстаздардың пікірлерін тыңдау мен медицина саладағы мәртебелі мамандық иелерімен кездесудің маңызы өте зор, сондықтан да оқушыларға арнайы кезесу ұйымдастырылды.

  • Тақырыбы: Кәсіби бағыт-бағдар беру.

01.06.2022 жылы Алматы қаласы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық  медицина университетінде ашық есік өтті. Ашық есікке  Өскемен қаласының «Достық» білім беру орталығынан 10-шы сынып оқушылары қатысты. (10 оқушы) Оқушылар №3 анатомия кафедрасының мұражайында, №2 анатомия кафедрасының сүйек мұражайын аралап, ШОМ-1 факультетінде болды.

2022-2023 оқу жылындағы өткізілген іс-шаралар:

  1. Тақырыбы: «Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»

22.02.23 жылы «Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты тақырыбында «Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» кафедрасының доценті Шадинова К.С.және лектор Жыланбаева Б.К. ұйымдастыруымен іс –шара өткізілді. Жалпы медицина мектебінің  оқу топтарының студенттері  ЖМ22-004, ЖМ22- 008, ЖМ22-014, ЖМ22-015, ЖМ22-024 қатысты.  Студенттердің тақырып бойынша дайындаған презентациялары мен бейнефильмдері және суреттер мен сұрақтар құрастырылып, оқу топтары арасында сұрақ – жауап ұйымдастырылды. Студенттердің белсенділігі арқасында  «Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты тақырыбының мағынасы ашылып, тақырып төңірегіндегі мәслелер бойынша кафедараның оқу ісі бойынша завучы К.С.Шадинова студенттерге мағлұматтар берді. Академиялық адалдық кодексінен бірқатар сұрақтар қойылып, жауап берілді. Студенттердің жемқорлықпен күресе білуіне, білім жүйесіндегі адалдық  міселесі ең басты қағидасына аса үлкен назармен қарау туралы түсініктер берілді.     Іс-шара кезінде белсенділік танытқан студенттерге алғыс хаттар беріліп, «Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» кафедрасы ұжымының  атынан алғыс айтылды.

  1. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент  сайлауы»

    «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасында 16.11.2022 жылы Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент  сайлауы қарсаңында студенттерге түсіндірме жұмысы тәлімгерлік сағаты өтті. Кафедра оқытушыларымен Жалпы медицина-1 мектебінің студенттері қатысты. Түсіндірме жұмыста презентация және бейнематериалдар көрсетілді. Сондай-ақ сайлау ережелері, сайлау тәртібі түсіндірілді.

  1. Тақырыбы: «Рухани – адамгершілік»

«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасында 03.03.2023жылы «Рухани – адамгершілік» тақырыбында дөңгелек стол өтті. Кафедра оқытушыларымен Жалпы медицина-1 мектебінің студенттері қатысты. Студенттедің дайындалуымен презентациялар, көріністер, сұрақ-жауап ребустар шешілді. Сонымен қатар ән айтылды. Іс-шара кезінде белсенділік танытқан студенттерге алғыс хаттар беріліп, «Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» кафедрасы ұжымының атынан алғыс айтылды.

  1. Тақырыбы: «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры»

6-желтоқсан күні 2022 ж. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы мен «Жалпы медицина-1» мектебінің 1- курс студенттері факультет көлемінде ашық тәрбие сағатын өткізді. Факультет көлемінде өткізілген ашық тәрбие сағатына Алаш желтоқсан ұлттық партиясының мүшесі, Республикалық «Желтоқсан-86 Тәуелсіздік қырандары» Халық қаһармандары қозғалыс төрайымының бірінші көмекшісі Дармешова Бақыткгүл  Карибжанқызы және Республикалық «Желтоқсан-86 Тәуелсіздік қырандары» Халық қаһармандары қозғалысының мүшесі Бақытжан Сарсен Ғаділжанұлы қатысты. Тәрбие сағатында «Жалпы медицина-1» мектебінің ЖМ22-032қ топ студенттері көрініс қойды, ЖМ22-040қ топ студенттері топпен «Желтоқсан желі» әнін орындады, ЖМ22-028қ топ студенті Талғатова Тоғжан поэзия оқыды, ЖМ22-040қ топ студенті Жаканов Қуаныш қара сөз оқыды. Сонымен қатар, топ студенттері «Тәуелсіздік күніне» арналған құттықтау видеоларын дайындап, көпшілік назарына ұсынды.

  1. Тақырыбы: «Қазақтың нар тұлғасы Мұхтар Әуезов»

28 ақпан 2023 жылы, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовке арналған «Қазақтың нар тұлғасы Мұхтар Әуезов» атты тақырыпта «Жалпы медицина» факультетінің ЖМ22-017қ., ЖМ22-045қ топ студенттерінің арасында тәлімгерік сағат өткізілді. Топ студенттері Мұхтар Әуезовтің өмірі жайлы, атқарған қызметтері мен еңбек жолына арналған презентациялар жасап, құнды деректермен бөлісті.

  1. Тақырыбы: «Мәдениет пен мен медицинаның ұлы тұлғалары С.Ж.Асфендияров»

24  қараша  2022 жылы, «Мәдениет пен медицинаның ұлы тұлғалары С.Ж.Асфендияров» атты тақырыпта «Жалпы медицина» факультетінің ЖМ22-026қ., ЖМ22-045қ топ студенттерінің арасында тәлімгерік сағат өткізілді. Топ студенттері пән оқытушылары – доцент К.С.Шадинова, лектор Б.Н.Джахановамен  бірге университетіміздегі С.Ж.Асфендияровтың музейіне арнайы барып, көріп қайтты. Топ студенттері С.Ж.Асфендияровтың өмірі жайлы, атқарған қызметтері мен еңбек жолына арналған презентациялар жасап, құнды деректермен бөлісті.