Атқарушы директор-Басқарма мүшесі

Лахов Сергей Владимирович

Атқарушы директор – Басқарма мүшесі

Лахов Сергей Владимирович 1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2007 жылы Орталық Азия университетін, Алматы қаласын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2011 жылы Ресей халықтар достығы университетін, Мәскеу қаласын «Құқықтану»мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті»РМҚК бухгалтері болып бастаған.

2008-2010 жылдары – «Ғылыми-зерттеу тері-венерологиялық институты» РМҚК, мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы.

2010 жылы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» РМҚК мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы.

2011-2014 жылдары – «Академик Б.У. Джарбусынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, бас экономист.

2014 жылы – «Диаманд» ЖШС қаржы директоры.

2014-2016 жылдары – ҚР ДСӘДМ «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК заңгер, кадр қызметі бөлімінің бастығы, Байқау кеңесінің хатшысы.

2016-2019 жылдары – ҚР ДСМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бас заң кеңесшісі, сатып алу бөлімінің бастығы, Әкімшілік департаментінің басшысы.

2019-2020 жылдары-Назарбаев Университеті ДББҰ «University Medical Center» корпоративтік қорында сатып алуды ұйымдастыру департаментінің бас менеджері.

2020-2021 жылдары – ERG еншілес компаниясы «Еуразия Медициналық орталығы» ЖШС сатып алу бөлімінің маманы.

2022 жылдың қазан айынан бастап – «С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Заң департаментінің басшысы.

2023 жылғы желтоқсаннан бастап Директорлар кеңесінің шешімімен конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – атқарушы директоры болып тағайындалды.

Әскери міндетке және әскери атаққа қатынасы:

10.2007-10.2008 жылдар кезеңінде ҚР ҚК ӘҚҚ 20709 әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөліміндегі мерзімді әскери қызмет лауазымы: бөлімше командирі. Атағы: запастағы кіші сержант.