Интернатура

Негізгі бет » Білім беру бағдарламалары » Бакалавриат » «Стоматология» ҮИМБ БББ » Интернатура
Түлектер моделі Бағдарлама паспорты Міндетті пәндер Таңдамалы пәндер Проф. тәжірибелер Интернатура Магистратура
Терапевтік стоматология

Кредиттер саны – 6
Бақылау түрі – Емтихан
Сипаттама: Пән білім алушылардың дәрігер-стоматологтың кәсіби міндеттерін орындауға жауапкершілігі мен дайындық дәрежесін арттыруға бағытталған; өзін-өзі бағалауға, үздіксіз тұлғалық және кәсіби өсуге уәждеме; күрделі емес терапевтік стоматологиялық көмек көрсету және пациент-орталықтандырылған және ғылыми-дәлелді тәсілдерді ескере отырып, пациенттерді емдеу нәтижелерін бағалау үрдісінде коммуникативтік және тәжірибелік дағдыларды жетілдіру; медициналық ақпараттық жүйелердегі жұмыстар.

Хирургиялық стоматология

Кредиттер саны – 6
Бақылау түрі – Емтихан
Сипаттама: Пән білім алушылардың дәрігер-стоматологтың кәсіби міндеттерін орындауға жауапкершілігі мен дайындық дәрежесін арттыруға бағытталған; үздіксіз тұлғалық және кәсіби өсуге уәждеме; күрделі емес амбулаториялық хирургиялық стоматологиялық көмек көрсету үрдісінде коммуникативтік және тәжірибелік дағдыларды жетілдіру; пациент-орталықтандырылған және ғылыми-дәлелді тәсілдерді ескере отырып, емдеу нәтижелерін бағалау.

Ортопедиялық стоматология

Кредиттер саны – 6
Бақылау түрі – Емтихан
Сипаттама: Пән білім алушылардың дәрігер-стоматологтың кәсіби міндеттерін орындауға жауапкершілігі мен дайындық дәрежесін арттыруға бағытталған; пациент-орталықтандырылған және ғылыми-дәлелді тәсілдерді ескере отырып, күрделі емес ортопедиялық емдеудің клиникалық кезеңдерінде коммуникативтік және практикалық дағдыларды жетілдіру және оның нәтижелерін бағалау; медициналық ақпараттық жүйелерде құжаттаманы жүргізу; үздіксіз тұлғалық және кәсіби өсуге уәждеме.

Балалар стоматологиясы

Кредиттер саны – 6
Бақылау түрі – Емтихан
Сипаттама: Пән білім алушылардың дәрігер-стоматологтың кәсіби міндеттерін орындауға жауапкершілігі мен дайындық дәрежесін арттыруға бағытталған; әртүрлі денсаулық тобындағы балаларға, жасөспірімдерге күрделі емес стоматологиялық көмек көрсету үрдісінде коммуникативтік, тәжірибелік дағдыларды жетілдіру; пациент-орталықтандырылған және ғылыми-дәлелді тәсілдер негізінде емдеу нәтижелерін бағалау; медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу; тұлғалық және кәсіби өсуге уәждеме.

Ортодонтия

Кредиттер саны – 6
Бақылау түрі – Емтихан
Сипаттама: Пән білім алушылардың коммуникативтік және тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге бағытталған: тіс-жақ аномалиялары бар пациенттерді клиникалық тексеру; диагностиканың заманауи функционалдық және сандық әдістерін түсіндіру дағдыларын; диагностикалық мүсіндермен жұмыс істеу; пациент-орталықтандырылған және ғылыми-дәлелді тәсілдерді ескере отырып, емдеу нәтижелерін жоспарлау және бағалау; медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу; тұлғалық және кәсіби өсуге уәждеме.