Түлектер моделі

Негізгі бет » Білім беру бағдарламалары » Бакалавриат » «Стоматология» ҮИМБ БББ » Түлектер моделі
Түлектер моделі Бағдарлама паспорты Міндетті пәндер Таңдамалы пәндер Проф. тәжірибелер Интернатура Магистратура

OСН 1 – Жалпы қабылданған, дамып келе жатқан және үнемі жаңартылып отыратын білімдерді қоса алғанда, биомедициналық, клиникалық, эпидемиологиялық және әлеуметтік-мінез-құлық ғылымдары саласындағы білімді тәжірибеде қолдану.
OСН 2 – Стоматологиялық бейіндегі пациенттермен, олардың айналасындағылармен және медицина қызметкерлерімен, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тиімді ақпарат алмасуға және ынтымақтастыққа әкелетін тұлғааралық және коммуникативтік дағдыларды меңгеру.
OСН 3 – Стоматологиялық жабдықтарды, аппараттарды, аспаптарды, пломбалық, тіспротездік және қөмекші материалдарды тиімді стоматологиялық көмек көрсету үшін кәсіби қызметте пайдалану.
OСН 4 – Кез келген жастағы пациенттерде таралған стоматологиялық ауруларды диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға бағытталған тиісті іс-шараларды қамтитын тиімді пациент-орталықтандырылған күтімді қамтамасыз ету.
OСН 5 – Өмірге қауіп төндіретін жағдайлардың/қауіпті аурулардың белгілері анықталған кезде жедел көмек көрсету немесе кез келген жастағы пациентті бейінді маманға уақтылы жіберу/емдеу жатқызу.
OСН 6 – Дәрігер-стоматолог кәсіби міндеттерін орындау және этикалық қағидаттарды сақтауға бейімділігін көрсету.
OСН 7 – Өмір бойы өзін-өзі тұрақты бағалау және оқыту негізінде үздіксіз тұлғалық және кәсіби өсуді қолдау, медициналық қызмет көрсету сапасын үнемі жақсарту үшін қажетті қасиеттерді көрсету.
OСН 8 – Оңтайлы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және қауіпсіз стоматологиялық көмек көрсету үшін өзінің тәжірибелік қызметінде нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа алу.
OСН 9 – Зерттеулер жүргізу, стоматологиялық бейіндегі пациенттерді емдеу қағидаттарын енгізу және ғылыми және дәлелді деректер негізінде өз пациенттерін емдеу нәтижелерін бағалау.