Оқыту нәтижесі

Негізгі бет » Білім беру бағдарламалары » Педиатрия » Оқыту нәтижесі

Оқыту нәтижесі Программа шифры Негізгі пәндер Бейіндік пәндер Оқу және өндірістік практикалар Интернатура

ON1 – Педиатриялық қызметтегі Академиялық адалдық стандарттарына, құқықтық, адамгершілік, этикалық және деонтологиялық принциптер мен нормаларға бейілділігін көрсетеді.

ON2 – Негізгі тарихи, мәдени және саяси процестерді, философиялық және дүниетанымдық мәселелерді түсінуді көрсетеді және педиатриялық қызметте тілдік қарым-қатынас дағдыларын қолданады.

ON3 – Гомеостазды сақтау және балалық шақ ауруларының даму механизмдерін түсіну үшін молекулалардың, жасушалардың, тіндердің, ағзалардың және ағзаның биологиялық ортасының құрылымы мен қызметі, негізгі физиологиялық және патологиялық процестер туралы білімді қолданады.

ON4 – Биорискілерді бағалау, балаларға қауіпсіз көмек көрсету, медициналық персоналды қорғау және халықтың денсаулығын сақтау үшін педиатриялық қызметте денсаулық сақтауды ұйымдастыру, менеджмент және инфекциялық бақылау негіздерін біледі.

ON5 – Педиатриялық бейіндегі пациентпен / оның отбасы мүшелерімен,әріптестерімен және медициналық қызметкерлермен тиімді ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін тұлғааралық және коммуникативтік дағдыларды көрсетеді, кәсіби міндеттерді тиімді орындау үшін командада жұмыс істейді.

ON6 – Профилактикалық, диагностикалық және емдік іс-шараларды жоспарлау, оның ішінде шұғыл медициналық көмек көрсету үшін пациенттің жалпы жағдайын бағалау, оның балалық шақтағы ең көп таралған аурулардың белгілері мен синдромдарын анықтау үшін клиникалық ғылымдардың негіздерін білуді қолданады.

ON7 – Науқастың клиникалық зерттеу нәтижелерін, диагноз қою үшін негізгі және қосымша зертханалық-аспаптық зерттеу әдістерін түсіндіру дағдыларын көрсетеді.

ON8 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен медициналық ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, медициналық құжаттаманы жүргізу және жаңа ақпарат іздеу дағдыларын көрсетеді.

ON9 – Ғылыми зерттеудің негізгі дағдыларын, дәлелді медицина принциптерін түсінуді, кәсіби даму дағдыларын қолданады және көрсетеді.