Біз туралы
Симуляциялық орталық – медициналық білім берудегі оқытудың инновациялық формаларын және тәжірибелік дағдыларды мақсатты түрде жүзеге асыратын білім беру орталығы, имитациялық камералар бөлмесі, фантомдарды қолданатын жаттығу залдары, VI фигуралық реализмнің виртуалды және роботты муляждары, әр білім алушының өз бетінше және бірнеше рет орындауына мүмкіндік береді. Орталықта бакалавриат, интернатура және резидентура деңгейінде тәжірибелік сабақтар өткізіледі.
Орталық халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған және озық технологиялармен жабдықталған. Тренингте қазіргі заманғы оқыту құралдары мен технологиялары қолданылады:
- Тренердің қатысуынсыз (қашықтықтан бақылау арқылы) білім алушылардың тапсырмаларды өз бетінше орындауы, медициналық мекеменің бөлмелерін толық имитациялайтын ортада;
- Қосымша шындық жүйесімен жабдықталған залда сабақтар өткізу, бұл жол-көлік оқиғаларын шынайы имитациялайтын жағдайларда көмек көрсету әрекеттерін пысықтауға мүмкіндік береді, виртуалды симуляторларда жаттығу;
- Оқу процесін аудио/видео бақылау және жазу, практикалық дағдыларды сарапшылардың тәуелсіз бағалауы үшін пысықтау;
- Қателерді детальды талдау және қарастыру үшін дебрифинг залдарына оқу процесін онлайн трансляциялау.
Миссия және көзқарас
Миссиясы: білім алушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыру және бекіту үшін жағдай жасау жолымен бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және пациентке зиян келтірместен оқытушылардың біліктілігін арттыру.
Пайымдау: медициналық білім беруде оқытудың инновациялық нысандарын іске асыратын, өз білімі мен практикалық дағдыларын сыни жағдайда қолдануға қабілетті және дайын кәсіби-құзыретті маманның практикалық даярлығының деңгейін арттыру үшін практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне және жетекші әлемдік трендтерге сәйкес үздіксіз дамып келе жатқан білім беру орталығы.
Орталықтың мақсаттары:
— жас дәрігерді тәжірибелік дайындауда инновациялық технологияларды қолдана отырып (манекен, модельдер, муляждар, автоматтандырылған виртуалды модельдер, медициналық жабдықтар, интерактивті оқу компьютерлік бағдарламалары, аудио-бейне материалдар) стандартталған пациенттердің қатысуымен, клиникалық, зертханалық және коммуникативтік дағдыларды оқытумен қамтамасыз ету;
— оқу үрдісін жүзеге асыру үшін медициналық бағыттағы клиникалық пәндерді оқытудың білім беру инновациялық технологияларын енгізуде құрылымдық бөлімшелермен қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
— халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сертификатталған жедел жәрдем мамандарын даярлау саласында оқыту;
— Студенттер, интерн-дәрігерлер, ординаторлар арасында ӘҚКЕ әдісі бойынша сертификаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша оқу бөлімімен өзара әрекеттесу;
— сапа менеджменті жүйесінің талаптарын, Университеттің сапа саласындағы саясатын және сапа саласындағы Университеттің басқа да ішкі нормативтік құжаттарын сақтау;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың, Қазақстан Республикасының ішкі тәртіп ережелері мен заңнамалық актілерінің талаптарын сақтау;
— өз қызметіндегі халықаралық ынтымақтастық.
Байланыс
Симуляциялық орталық
Шевченко, 100
Жұмыс тел. +77273387090, вн 7277
https://www.instagram.com/simulation_center/
https://www.youtube.com/channel/UCL3IQfuxHrJ93vWn3kvntzg
Қызметкерлер
Симуляциялық Орталықтың жетекшісі
Талкимбаева Найля Ануаровна, медицина ғылымының докторы,
дәрігер анестезиолог – реаниматолог
Телефон: — +7(727)338-70-90 (ішкі.7237)
Email: — [email protected]
Сервистік қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі — Тасыбек Айдын Қожахметұлы
Телефон: +7(727)338-70-90 (вн.7167)
Email: [email protected]
Симуляциялық Орталықтың бас маманы — Колбаев Мейербек Толегенович
Медицина ғылымдарының магистрі, жалпы тәжірибелік дәрігер
Email: [email protected]
Симуляциялық Орталықтың жаттықтырушысы — Капсалямова Эльмира Николаевна
фармацевтика ғылымдарының кандидаты
Email: [email protected]
Симуляциялық Орталықтың жаттықтырушысы — Курманаева Баян Мухамедовна
медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер анестезиолог – реаниматолог
Email: [email protected]
Симуляциялық Орталықтың жаттықтырушысы — Мизонова Светлана Николаевна
психология және педагогика маманы
Email: [email protected]
Симуляциялық Орталықтың жаттықтырушысы — Раганина Карлыгаш Тлеубергеновна
фармацевтика ғылымдарының кандидаты
Email: [email protected]
Симуляциялық Орталықтың жаттықтырушысы — Каныбекова Айсулу Асановна
Email: [email protected]
Симуляциялық Орталықтың жаттықтырушысы — Калимбетова Толкын Тайбековна
Жедел жәрдем дәрігері
Email: [email protected]
Симуляциялық Орталықтың жаттықтырушысы — Бабахан Сержан Төлбасыұлы
Жалпы тәжірибелік дәрігер
Email: [email protected]
Симуляциялық Орталықтың жаттықтырушысы — Муканова Асель Султановна
Жалпы тәжірибелік дәрігер
Email: [email protected]
Симуляциялық Орталықтың жаттықтырушысы — Коскосиди Николетта Анатольевна
Дәрігер- резидент эндокринолог
Email: [email protected]
Симуляциялық Орталықтың жаттықтырушысы — Жамыханкызы Акерке
Жалпы тәжірибелік дәрігер
Email: [email protected]
Симуляциялық Орталықтың жаттықтырушысы — Алмаганбетова Айнур Ердигалиевна
Дәрігер-педиатр
Email: [email protected]
Симуляциялық Орталықтың жаттықтырушысы — Досаев Азамат Айдосұлы
Жалпы тәжірибелік дәрігер
Email: [email protected]
Симуляциялық Орталықтың жаттықтырушысы — Истаева Клара Азаматовна
Жалпы тәжірибелік дәрігер
Email: [email protected]
Симуляциялық Орталықтың жаттықтырушысы — Әсел Абайқызы Уразбекова
жалпы тәжірибелік дәрігер
Email: [email protected]
Аға әдіскер — Жакупова Меруерт Баймуханбетовна
Email: [email protected]
Аға әдіскер — Кишкашева Гулназ Алмасбековна
Email: [email protected]
Әдіскер — Кабылбекова Сауле Сарсенбековна
Телефон: +7(727)338-70-90 (вн.7277)
Email: [email protected]
Әдіскер — Биебаева Азиза Болатканқызы
Email: [email protected]
Әдіскер — Джусупова Болсын Советовна
Email: [email protected]
Әдіскер — Кендірбай Арыстан Мәжітұлы
Email: [email protected]
Әдіскер — Қасымбек Гулсезім Қуанышқызы
Email: [email protected]
Техник — Алиев Ильяс Куттымуратович
Email: [email protected]
Қызмет көрсету инженері — Тулеубаев Кирилл Сабитович
Email: [email protected]
Лаборант — Догоманова Толеу Ермекбаевна
Email: [email protected]
Галерея
Симуляциялық орталықта студенттердің тәртіп ережелері
Назар аударыңыз! Симуляциялық орталықтың аумағында аудио-бейне бақылау жүргізілуде!
Оқуды сәтті өту үшін, БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ МІНДЕТІ:
- С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің студенттерінің Ішкі ережелері тәртібі және ар-намыс Кодексін қатаң сақтау;
- оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде академиялық адалдық Ережелерін сақтау;
- сабақтың тақырыбы бойынша жасалынатын манипуляциялардың асептикалық және антисептикалық көрсетілім, қарсы көрсетілім ережелерін білу, сонымен қатар алгоритмге сәйкес жүргізілуі тиіс;
- манипуляцияларды алгоритмдеріне сәйкес жүргізіп тренажерларде орындау. Дұрыс жүргізілмеген әдістер тренажерлардың бүтіндігін бұзады, ал күнделікті өмірде дұрыс орындалмаған манипуляциялар науқастың ауырсынуына және/немесе жарақаттануына әкелуі мүмкін.
- манипуляцияны орындаған соң, жұмыс орнын бұрынғы қалпына келтіру.
- муляждармен жұмыс істеу барысында, қалам, қарындаш, маркер және т.б. қолдануға болмайды. Симуляциялық орталықтың мүлкіне ұқыпты қарау;
- білім алушылар өзіне сеніп тапсырылған оқу жабдықтарының сақталуына және тиімді пайдалануына жауапты.
- кестеге сәйкес сабақтың басталуына 10 минут қалғанда қатаң түрде келуі тиіс.
- тәжірибелік сабақтарға кестеге сәйкес қатысу керек;
- жұмыс барысында тәртіпті және тазалықты сақтау. Бөлмеден тек оқытушының (жаттықтырушының) рұқсатымен шығыңыз, белгіленген үзіліс уақытын сақтау;
- тәжірибелік сабаққа дайын болу керек;
- оқу үрдісіне белсенді қатысу (теориялық материалды оқу, жеке тапсырмаларды орындау, шағын топтарға және дискуссияларға қатысу және т.б.).
- эпидемияға қарсы режимде асептикалық, антисептиқалық, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;
- білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына қатысты (оқытушылар, Симуляциялық орталықтың қызметкерлері, стандартталған науқастар және білім алушылар) медициналық этика және деонтология ережелерін сақтау.
- топтағы келіспеушілік жағдайларды Симуляциялық орталықтың қызметкерлерінің қатысуымен ашық талқылау.
- кестеге сәйкес емтиханға келу керек.
- Тәжірибелік дағдыларды орындау әрекетінде ҚР ДСМ-нің диагностикасы мен емдеу хаттамаларындағы алгоритмдерін білу.
Киім кию талабы:
Білім алушының міндеті:
- іскерлік киім үлгісін ұстану;
- жеке бас гигиенасын сақтау (қыздар үшін: жарқын макияж және тырнақ боямауы керек, ер жігіттерге: жинақылық);
- өзімен бірге таза үтіктелген медициналық халат / хирургиялық костюм, медициналық қалпақ және бетперде, ауыстыратын аяқ-киімі болуы керек.
Қорытынды бақылау мен тәжірибелік сабақ кезінде білім алушыға тиым салынады:
- мобильді құрылғыларды / гаджеттерді пайдалануға;
- ноутбукті басқа мақсатта пайдалануға;
- Симуляциялық орталықта медициналық халатты және аяк-киімді қалдыруға;
- Симуляциялық орталықта кез-келген реактивті және қосымша материалдардың дәмін татуға, ішуге, жеуге және темекі шегуге тиім салынады.
Жоғарыда аталған ережелерді сақтамаған үшін айыппұл салынады
- тәртіп ережесін бір рет бұзған жағдайда білім алушы Симуляциялық орталық қызметкерлер тарапынан ауызша түрде ескерту алады.
- тәртіп ережесін бұзу қайталанған жағдайда білім алушы Симуляциялық орталықтың жетекшісіне жазбаша түрде түсініктеме жазады.
- тәртіп ережесін жүйелі түрде бұзған жағдайда, Симуляциялық орталықтың жетекшісі деканатка баянат береді.
- білім алушы сабақта болмаған жағдайда/ толық орындалмаған әрбір тапсырмаға «0» балл алады.
- Симуляциялық орталықтың шкафтарының кілттерін жоғалтқан жағдайда, білім алушы жауапкершілікті өз мойнына алады.
- Симуляциялық орталықтың мүлкін бұзған жағдайда, білім алушылардың жауапкершілігі жетекші оқытушыға жүктеледі!
Дәріхана симуляциялық орталығы
С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректораты мен Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша қазіргі заманғы білім беру стандарттарына толық сәйкес болу үшін, 2011 жылдың 16 қыркүйегінде «Фармация» мамандығы бойынша практикалық дағдылар орталығы құрылды. Онда студент өзінің болашақ мамандығының барлық негізгі практикалық дағдыларын игеріп, өңдей алады.
Орталықтың негізгі міндеті – болашақ кәсіптің практикалық дағдыларын дамыту және оқытуды материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Мақсаты:
ҚазҰМУ-дың фармацевт-түлегінің практикалық дағдыларын кезең-кезеңімен және өзара байланысты практикалық дағдыларды бірінші курстан бастап оқудың аяғына дейін дамыту үшін жағдай жасау арқылы қалыптастыру.
Міндеттері:
- «Фармация» және «ФӨТ» мамандықтарының тәжірибелік дағдыларының тізімін оқу
- Оқыту дағдылардың модульдерін құру
- Дәрілік зат өндірісінің технологиялық регламенттерін жасау
- тәжірибелік-өндірістік жағдайда дәрілік формаларды алу
- алынған препараттың сапасын бақылау
- ПОҚ-мен семинарлар өткізу, оқу және емтихан материалдарын дайындау
- ҚМA-ға дайындық (бакалавр)
Орталықтың жұмысы келесі принциптерге негізделеді:
- Фармацевтикалық өндіріс құрал-жабдықтарындағы тәжірибелік дағдылардан тұратын оқу құралдарының кешенін факультеттің әр студентінің қолдануы негізінде оқытуды дараландыру;
- практикалық дағдыларды оқытуда оқытудың соңғы бағдарламаларын қолдану. Бұл әрбір келесі модуль бойынша білім алушы практикалық дағдыларды орындаудың технологиясының базалық деңгейіне ие бола отырып, күрделі дағдыларды игеруі қажет дегенді білдіреді.
- оқу үрдісін ақпараттық-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету сапасын үздіксіз жетілдіру.
СО манекендері мен манекендер каталогы
Алгоритм
«Сыртқы акушерлік зерттеу (Леопольд-Левицкий бойынша)»
ВБ
Гипертониялық криз кезінде диагностика және жедел медициналық көмек көрсету
Неонатология
Жаңа туылған нәрестеге туылғаннан кейінгі күтім жасау мен бағалау
Кіндік тамырының катетеризациясы
хирургия 1
Тыныс алу жолдарында бөгде заттың болуы кезіндегі жедел көмек
хирургия 2
Жедел коронарлық синдром кезіндегі жедел медициналық көмек көрсету
«Анафилаксиялық шок кезінде жедел медициналық көмек көрсету»
АШ бала Алгоритм каз. для силл. 07.06.2022
«Трахея мен бронхтарға интубация және экстубация жасау»